Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

       Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 27 наурыздағы №366 «University Medical Center» КҚ-ден келіп түскен қызылша жағдайын тіркеу туралы шұғыл хабарлама.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 30.03.2026 ж.-24.04.2026 ж. аралығы.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «University Medical Center» Корпоративтық Қоры «Ана мен Бала ұлттық ғылыми орталығы», мекенжайы: Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 32.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: жоқ.

 

Дата публикации
05 мая 2026