Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

                 Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылы 13 сәуірде Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, №12 шұғыл хабарлама негізінде (Астана қаласы әкімдігінің «№4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-дан), сондай-ақ 2026 жылғы 17 сәуірдегі №65, №67, №69 хабарламаларға сәйкес (Астана қаласы әкімдігінің «№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК және «Жанұя» КМСК ЖШС-дан) Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ташенова көшесі, 9/4 мекен-жайында орналасқан «№ 17 «Ер-Төстік» МКҚК бала бақшасында энтеробиоздың 4 жағдайы тіркелгені анықталды.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы  Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 20.04.2026 ж. - 30.04.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ташенова көшесі, 9/4 мекен-жайында орналасқан  «№ 17 «Ер-Төстік» МКҚК бала бақша
  6.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
  8. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.
Дата публикации
05 мая 2026