Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің» 144-4 бабы 3 тармағының 6 тармақшасына сәйкес бақылау сатып алу қорытындысы бойынша өнімді зерттеу нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеру жүргізу қағидаларының 1 қосымшасының 3 тармағы 1 тармақшасына сәйкес, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және сүт пен сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын техникалық регламенттер ТР ТС 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және ТР ТС 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес келмеу фактілері ірімшіктің май қышқылдық құрамын зерттеу нәтижелері бойынша анықталуына байланысты тергеп-тексеру жүргізуге негіздер анықталды.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Астана қаласының Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):
Тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 06.04.2026 ж. – 21.04.2026 ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖШС «Magnum Cash&Carry» № 9 филиалы, «Magnum Express» супермаркеті.
- Тергеп-тексеру барысында анықталған бұзушылықтар:
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзушылықтары анықталған жоқ.
- Бұзушылықтарға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзған тұлғалар анықталған жоқ.
- Қабылданған шаралар: Өнімнің (тауардың) қауіпсіздігін растайтын нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) жөніндегі құжаттар (сәйкестік декларациясы), сондай-ақ тамақ өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттар ұсынылды. Тергеп-тексеру барысында талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің жеткізушісі анықталды.