Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Бүгінгі күні "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады, оған мүлікті тәркілеуді, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыруды, бас бостандығынан айыруды және т. б. қамтитын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша көптеген түзетулер енгізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асырудың маңызды құралдарының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу болып табылады, оны құрылымдық бөлімше құрылымдық бөлімшенің, ведомствоның, ведомстволық бағынысты ұйымның, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің аумақтық және оған теңестірілген бөлімшесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және шаралар қабылдау жөніндегі ұсынымдармен талдамалық анықтама дайындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
1. ББҚ-ның мемлекеттік тіркеуден өткенін тексеріңіз
Қазақстан Республикасының аумағында ББҚ айналымына мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жол беріледі.
ББҚ-ның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (МТК) бар екеніне және өнім туралы мәліметтердің қаптамадағы ақпаратқа сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Мемлекеттік тіркеуден өткен ББҚ тізбесі Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізілімінде орналастырылған:
https://portal.eaeunion.org/sites/odata/_layouts/15/Portal.EEC.Registry.Ui/DirectoryForm.aspx?ViewId=1631d8b8-efd5-4a46-80d9-5e252e7986bb&ListId=0e3ead06-475-466a-a340-6f69c01b5687&ItemID=231#
2. Таңбалануын тексеріңіз
Қаптамада өнімнің атауы, құрамы, өндірушісі, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және қолдану жөніндегі ұсынымдар көрсетілуі тиіс.
Заттаңбасы жоқ немесе ондағы мәліметтер мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес келмейтін ББҚ-ны сатуға жол берілмейді.3. Цифрлық таңбалау кодын тексеріңіз
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ББҚ-ны міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Міндетті таңбалауға жататын өнімнің қаптамасына тауарды сәйкестендіруге және оның айналымын қадағалауға мүмкіндік беретін Data Matrix коды қойылады.
Сатып алу кезінде цифрлық таңбалау кодының бар-жоғын және оқылуын ресми тексеру құралы арқылы тексеру ұсынылады.
iOS үшін:
https://apps.apple.com/ru/app/naqty-%C3%B3n%D1%96%6m/id1544720295
Android үшін:
https://play.google.com/store/apps/details?id=naqty.onim.kz&hl=ru
Цифрлық таңбалау өнімді сәйкестендіруге және оның өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.
Міндетті таңбалау енгізілгенге дейін өндірілген ББҚ қалдықтарында Data Matrix кодының болмауы өздігінен өнімнің заңсыз екенін білдірмейді. Бұрын өндірілген жекелеген өнім қалдықтарын өткізу үшін белгіленген тәртіп көзделген.
4. «Емдік әсері бар» деген уәделерге сенбеңіз
ББҚ дәрілік заттарға жатпайды және ауруларды емдеуге арналмаған.
«Кепілді түрде арықтатады», «созылмалы ауруларды емдейді», «дәрілерді алмастырады» деген және басқа да емдік әсер туралы уәделерге сақтықпен қараңыз.
Әлеуметтік желілердегі оң пікірлер, блогерлердің ұсынымдары немесе өнімнің танымалдығы оның қауіпсіздігін, тиімділігін және заңнама талаптарына сәйкестігін растамайды.
5. ББҚ-ны заңды сату орындарынан сатып алыңыз
ББҚ-ны тек дәріханалардан, дәріхана пункттерінен және мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің болуын талап етіңіз.
Әлеуметтік желілер, мессенджерлер немесе сатушы мен өнімнің шығу тегі туралы ақпарат жоқ сайттар арқылы белгісіз сатушылардан ББҚ сатып алу ұсынылмайды.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті цифрлық таңбалау талабы күшіне енді. Көрсетілген күннен кейін өндірілген барлық өнім Data Matrix кодымен таңбалануы тиіс.
ББҚ-ның міндетті қадағалану жүйесін іске қосу 2027 жылғы 1 наурызға жоспарланған. Осы күннен бастап өнім айналымы толық электрондық құжат айналымымен сүйемелденіп, тауар нарыққа қатысушылардың арасында берілген кезде әрбір операция расталуы тиіс.
Цифрлық таңбалау шеңберінде өнімнің әрбір бірлігіне бірегей Data Matrix коды беріледі. Код қаптамаға түсіріліп, Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторының жүйесінде тіркеледі. Бұл өнімнің өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап дүкен сөресіне дейінгі барлық кезеңдердегі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекет бұл шара ББҚ-ның нарықтағы айналымының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, адал бизнесті жосықсыз бәсекеден қорғауға және заң бұзушылықтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді деп күтеді. Таңбалаумен нарықтың жеткілікті бөлігі қамтылғаннан кейін сатып алушылар қаптамадағы Data Matrix кодын Naqty Onim қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алатын ББҚ-ның заңдылығын өз бетінше тексере алады.
Нарыққа қатысушылар не істеуі қажет?
ББҚ айналымы саласында жұмыс істейтін компанияларға:
1. Тауарларды таңбалау және қадағалаудың цифрлық жүйесінде (ТТҚЦЖ) tanba.markirovka.kz порталында тіркелу;
2. Тауар карточкаларын жүйеде алдын ала тіркеуді бастау.
Назар аударамыз, тіркелген тауар карточкалары жаңартудан өтеді, оған белгілі бір уақыт қажет. Осыған байланысты нарыққа қатысушыларға тіркеуді кейінге қалдырмау ұсынылады. Бұл талап күшіне енгенге дейін жаңарту рәсімін аяқтап, таңбалау кодтарына уақтылы тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген, таңбаланбаған ББҚ қалдықтарын айналымға қатысушылар белгіленген тізбеге сәйкес олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін өткізе алады.
Бүгінде вакцинация төңірегінде түрлі пікір мен ақпарат көп. Алайда денсаулыққа келгенде тәуекелге баруға болмайды. Сондықтан қауесет пен қорқынышқа емес, дәлелді медицина мен ғылыми негізделген деректерге сүйену маңызды.
Вакцинацияны таңдауға себеп болатын 7 негізгі дәлелді ұсынамыз:
1️⃣Жұқпалы аурулар жойылған жоқ.
Вирустар мен бактериялар әлі де айналымда. Ал адамдардың жиі сапарға шығуы инфекциялардың тез таралуына жол ашады. Қызылша, көкжөтел, дифтерия сияқты аурулардың екпе алмағандар арасында қайта тіркелуі соның айқын дәлелі.
2️⃣ Вакцинация адам өмірін сақтайды.
Соңғы ондаған жылда иммундау бағдарламалары, әсіресе балалар арасында, миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Вакциналар ауыр жұқпалы аурулар мен олардың асқынуларының алдын алады.
3️⃣ Бұл – денсаулыққа қамқорлықтың негізі.
Дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі сияқты, вакцинация да салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі.
4️⃣ Вакциналар қауіпсіздік тұрғысынан қатаң тексеруден өтеді.
Оларды әзірлеу мен қолдануға енгізу бірнеше кезеңнен тұрады. Ауыр жағымсыз әсерлердің қаупі инфекция салдарынан болатын асқынулармен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
5️⃣ Профилактика – емдеуден әрдайым тиімді әрі үнемді.
Ауру – бұл аурухана, дәрі-дәрмек, тексерулер және жұмыс күндерінің жоғалуы. Вакцинация артық шығыннан сақтап, отбасылық бюджетті қорғауға көмектеседі.
6️⃣ Екпеден ауру жұғуы мүмкін емес.
Вакцина «ауру жұқтырмайды», ол иммунитетті жаттықтырады: ағза инфекцияны алдын ала танып, өздігінен қорғануды үйренеді.
7️⃣ Вакцинация – айналаңыздағы адамдарды да қорғайды.
Екпе алу арқылы сіз өзіңізбен бірге балаларыңызды, қарт ата-анаңызды және инфекция аса қауіпті адамдарды да қорғайсыз.
Маңызды: вакцинация – медицинадағы ең көп зерттелген әрі сенімді профилактикалық әдістердің бірі. Оның тиімділігі мен қауіпсіздігі ондаған жылдар бойы жүргізілген ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжірибе арқылы дәлелденген.
Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Бүгінгі күні “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады, оған мүлікті тәркілеуді, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыруды, бас бостандығынан айыруды және т. б. қамтитын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша көптеген түзетулер енгізілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асырудың маңызды құралдарының бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу болып табылады, оны құрылымдық бөлімше құрылымдық бөлімшенің, ведомствоның, ведомстволық бағынысты ұйымның, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің аумақтық және оған теңестірілген бөлімшесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және шаралар қабылдау жөніндегі ұсынымдармен талдамалық анықтама дайындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Безгек — Anopheles тектес жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетін қауіпті паразиттік ауру. Ауру Африка, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде кең таралған.
Инкубациялық кезең әдетте 7–30 күнді құрайды. Негізгі белгілері: дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, қатты терлеу, бас ауруы, әлсіздік, бұлшықеттердің ауыруы, жүрек айнуы және құсу.
БЕЗГЕКТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР
1. ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ЕЛДЕРГЕ САПАР АЛДЫНДА:
• безгекке қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау қажеттілігі туралы дәрігермен кеңесіңіз;
• баратын елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат алыңыз.
2. МАСА ШАҒУЫНАН ҚОРҒАНЫҢЫЗ:
• репелленттерді (жәндіктерге қарсы құралдарды) қолданыңыз;
• жеңі ұзын киім және ұзын шалбар киіңіз;
• әсіресе түнгі уақытта масадан қорғайтын тордың астында ұйықтаңыз;
• терезелер мен есіктерге масадан қорғайтын тор орнатыңыз.
3. АЙНАЛА-ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАЗА ҰСТАҢЫЗ:
• тұрғын үйдің айналасында судың жиналып, тоқтап қалуына жол бермеңіз;
• қажет болған жағдайда маса дернәсілдерін жоюға арналған құралдарды пайдаланыңыз.
4. ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ АЙМАҚТА БОЛҒАН КЕЗДЕ:
• дәрігер тағайындаған жағдайда, безгекке қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау тәртібін қатаң сақтаңыз;
• аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
5. САПАРДАН ОРАЛҒАННАН КЕЙІН:
• сапардан оралғаннан кейін бірнеше апта ішінде дене қызуы көтерілсе, қалтырау, бас ауруы немесе басқа да белгілер пайда болса, дәрігерге жүгініңіз;
• медицина қызметкеріне безгек бойынша эпидемиологиялық қолайсыз елге барғаныңызды міндетті түрде хабарлаңыз.
Уақтылы жүргізілген профилактика — безгектен сенімді қорғаныс!
Қызылша — ауа-тамшы жолы арқылы тез таралатын, жұқпалы вирустық ауру.
АУРУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ:
- дене қызуының жоғарылауы;
- құрғақ жөтел;
- мұрыннан су ағу;
- конъюнктивит;
- әлсіздік және тәбеттің төмендеуі;
- алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін 2–4 күн ішінде денеде бөртпенің пайда болуы.
Қызылша, әсіресе, кішкентай балаларда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың қатарында ортаңғы құлақтың қабынуы, пневмония, мидың қабынуы, көру және есту қабілетінің бұзылуы бар.
АЛДЫН АЛУ
Қызылшадан қорғанудың ең сенімді жолы — вакцинация.
Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесіне сәйкес, қызылшаға қарсы вакцинация балаларға 12 айында және 6 жасында жүргізіледі.
Вакцинацияны уақытында алу баланы қызылшадан қорғауға, сондай-ақ аурудың ауыр өтуі мен асқыну қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАҢЫЗ!
ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕКПЕНІ УАҚТЫЛЫ АЛДЫРЫҢЫЗ.