Қызылша және оның алдын алу

Қызылша және оның алдын алу

Қызылша-бұл ауа-тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру.
Қызылшаның негізгі белгілері:
- жоғары температура;
- әлсіздік;
- жөтел;
- мұрыннан су ағу;
- ауыз қуысының шырышты қабығындағы ақ дақтар;
- үлкен қызыл дақтар түріндегі бөртпе.
Алдын алу шаралары
Алдын алудың ең қолжетімді және тиімді әдісі-вакцинация. Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация екі рет жүргізіледі, біріншісі - 1 жаста, екіншісі - 6 жаста, бұл вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді.