«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енді

«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 31 қазандағы №761 бұйрығымен «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бекітілгенін хабарлайды. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетінін мәлімдейміз.
«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, алкоголь өніміне қойылатын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және орындауға міндетті талаптарды, олармен байланысты өндіріс, сақтау, тасымалдау (тасымалдану), өткізу және қайта өңдеу процестеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оның еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін алкоголь өнімін таңбалауға және буып-түюге қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, алкоголь өнімін тұтынушыларды оның мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында әзірленген.