Жүзу бассейні, сауна, моншаларда тұтынушылардың инфекциялық қауіпсіздігі

Жүзу бассейні, сауна, моншаларда тұтынушылардың инфекциялық қауіпсіздігі

Қоғамдық моншаларға баруда, кейбір жұқпалы аурулармен ауыру қаупі бар, соның ішінде саңырауқұлақ және вирустық аурулар. Жоғарғы температура мен ылғалдық – бұл кез келген микроорганиздердің, соның ішінде патогенді микробтардың өнуіне өте қолайлы.
Келушілер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, бассейндерде, сауна және моншаларда барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.
Өзііңізді және жақындарыңызды, жұқпалы аурудан сақтау үшін, моншаға, саунаға немесе жүзу бассейндеріне барған кезде, төмендегі санитарлық талаптардың сақталуына назар аударуды ұсынамыз;
1) Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған жиһаз орнатылады, шешіну-киіну бөлмелерінде резеңке кілемшелер пайдаланылады. Ағаш траптар пайдаланылмайды.
2) Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер пайдаланылады.
3) Моншалар мен сауналардың үй-жайларында тазалық сақталады. Суды бұру траптары бітеліп қалмайды және еденде лас су жиналмайды. Жуынып-шайыну залдарының едендерін тазалау және жуу күн сайын және қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
4) Легендерді өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар ыдыстар, тазартатын заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Жуынуға арналған легендер дезинфекциялау ерітіндісіне толық батырылып дезинфекцияланады және сумен шайылады.
5) Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, мүкәммаларды және жабдықтарды жинау, жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.
6) Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары жұмыстың тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір бассейн өзінің реагенттерді автоматты түрде дозалауды және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесімен жабдықталады.
Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, шомылу киімі), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі қабылдайды.
Бассейнде айналысатын адамдардың жеке гигиена қағидаларын сақтауын бақылауды бассейн әкімшілігі қамтамасыз етеді.