
Үржар ауданының мониторингтік тобының мүшелері мектеп оқушылары арасында тамақтан уланудың алдын алу мақсатында мектеп асханаларының жалпы жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Үржар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ас блогының қызметкерлерімен, жалпы білім беретін мектептің әкімшілігімен қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды, жеке гигиенаны, технологиялық процесті сақтауды және т. б. түсіндіре отырып семинар өткізді.