
2024 жылдың 11 қазанда Жарма аудандық білім бөлімінің мониторинг тобының мүшелері мектеп оқушылары арасында тамақтан уланудың алдын алу мақсатында мектеп асханаларының жалпы жағдайына мониторинг жүргізді.
Жарма аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ас блогының қызметкерлерімен, жалпы білім беретін мектеп әкімшілігімен қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды, жеке гигиенаны, технологиялық процесті сақтауды және т. б. түсіндіре отырып, семинар өткізді.