
Бородулиха ауданының мониторингтік тобының мүшелері мектеп оқушылары арасында тамақтан уланудың алдын алу мақсатында мектеп асханаларының жалпы жағдайына мониторинг жүргізді.
Бородулиха аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ас блогының қызметкерлерімен, жалпы білім беретін мектептің әкімшілігімен қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды, жеке гигиенаны, технологиялық процесті сақтауды және т. б. түсіндіре отырып семинар өткізді.