Семнар-кеңес өткізілді

Семнар-кеңес өткізілді

Абай облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А. Токтабаеваның төрағалығымен, облыстың денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эпидемиологы Р. Серікбаеваның, ВБИ бақылау бөлімінің басшысы Ж. Кабасованың, ВБИ бақылау бөлімінің бас маманы А. Баимолдинаның қатысуымен ZOOM режимінде 2024 жылдың 8 айы бойынша Абай облысында медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың сырқаттанушылығы және 2024-2025 жылдарға арналған облыстың медициналық ұйымдарында инфекциялық бақылаудың инфекцияларының профилактикасының озық тәжірибелерін енгізу туралы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеу жүргізу қағидалары туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69” Департаменттің аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары үшін семинар - кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице – министрінің 12.01.2024 жылғы № 20 бұйрығымен бекітілген “Денсаулық сақтау объектілерін тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында Инфекциялық бақылаудың 2024-2025 жылдарға арналған озық тәжірибелерін енгізу жөніндегі Жол картасын” орындау мәселелері талқыланды.
Семинар-кеңес соңында хаттамалық тапсырма берілді.