«Ұйымдасқан топтардағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» және «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыптарында семинар ұйымдастырылды

«Ұйымдасқан топтардағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» және «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыптарында семинар ұйымдастырылды

2024 жылдың 9 қыркүйегі мен 23 қыркүйегі аралығында Ақсуат аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мен Ақсуат аудандық білім бөлімінің мамандары мектеп асханаларында ыстық тамақтың ұйымдастырылуына мониторинг жүргізді. 2024 жылдың 17 қыркүйегінде жеке кәсіпкерлер мен мектеп асханаларының тамақтандыру бөлімшелерінің қызметкерлері мен медицина қызметкерлері арасында «Ұйымдасқан топтардағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» және «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыптарында семинар ұйымдастырылды.