Көкпекті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ас блогының қызметкерімен және медицина қызметкерлерімен семинар және түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Көкпекті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ас блогының қызметкерімен және медицина қызметкерлерімен семинар және түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың 23-24 қыркүйек күндерінде Көкпекті аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқарма басшысы Абдрасулова Г.К.,бас маман Мирзасова Г.З., Көкпекті аудандық білім беру басқармасының бас маманы Фахрутдинова А.М."Биғаш орта мектебі", "Толағай негізгі мектебі", "Куйбышев атындағы негізгі мектебі" КММ-нің ас блогы қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының алдын-алу, бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Білім беру ұйымдарында тамақтан уланудың, ЖІИ-дың негізгі себептері ас блогы қызметкерлерінің қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы, атап айтқанда жеке гигиена ережелерін, тамақ дайындау, тамақ өнімдерін сақтау технологияларының бұзылуы және т.б. ілеспе құжаттары жоқ өнімдер болып табылатынын түсіндірді.