Маймыл шешегі және оның алдын алу

Маймыл шешегі және оның алдын алу

Маймыл шешегі (mpox)– Poxviridae туыстастығына жататын вирустық ауру.

Негізгі клиникалық белгілері: шешектің инкубациялық кезеңі 5-тен 21 күнге болуы мүмкін. Аурудың қызба кезеңі әдетте 1-ден 3 күнге дейін созылады, белгілері: қызба, бөртпе, тамақтын ауруы, бас ауруы, бұлшықеттің және арқаның ауыруы, лимфа түйіндерінің ісінуі.

Әлемдегі жағдай
Ағымдағы жылдың соңғы алты айында ай сайын тіркеліп отырған жағдайлардың саны 2022 жылғы тамызда тіркелген 30 721 жағдайдың әлемдік ең жоғары шегімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді.
Эндемиялық аймақтар: Африка, Америки және Европа.
Қазақстандағы жағдай
Бүгінгі күні Қазақстанда маймыл шешегіне күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.
Осы инфекцияны ел аумағына әкелуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданды. Қазақстанның санитариялық-карантиндік пункттерінде аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты мемлекеттік шекарада анықтау жөнендегі іс-шаралар жүргізуледі.
Эндемиялық елдерге баратын туристерге инфекцияның таралуының алдын алу үшін мынадай кеңес ұсынылады:
1. Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға (вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін маймыл, егеуқұйрық, тиіндер және басқа жабайы жануарлар) жақындамау;
2. Қорғаныш құралдарын пайдалану. Жануарлармен жұмыс істеу кезінде, әсіресе зертханалық жағдайда немесе оларға күтім жасау кезінде қорғаныш киімдерін, қолғаптар мен маскаларды қолдану маңызды;
3. Гигиенаны сақтау. Қолды сабынмен үнемі жуу және дезинфекциялық құралдарды қолдану инфекцияының таралу қаупін азайтуға көмектеседі;
4. Бөртпе, дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы және шаршау сияқты белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке, дәрігерге жүгіну маңызды