Вакцинация

Вакцинация

Екпелер аурудың таралуына қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін табиғи қорғаныс механизмдерін дамыту арқылы ауру қаупін азайтады. Екпе алу дененің иммундық қорғанысын нығайтады.
Біздің иммундық жүйемізде жады бар. Вакцинаның бір немесе бірнеше дозасын алғаннан кейін біз көптеген жылдар, ондаған жылдар немесе тіпті өмір бойы белгілі бір аурудан қорғанысты қалыптастырамыз. Бұл вакциналарды осындай тиімді құралға айналдырады.
Екпе алу үшін Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген препараттар пайдаланылады.
Вакцинация тиісті жаста медициналық ұйымдарда немесе жалпы білім беретін мектептердің мамандандырылған кабинеттерінде, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жүргізіледі, себебі барлық екпелер арнайы сақтау шарттарын қажет етеді.
Вакцинация - адам олардың қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурулардан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі.Екпе алу бірқатар жұқпалы ауруларға төзімділікті қалыптастыру және иммундық жүйеңізді күшейту үшін дененің табиғи қорғаныс механизмдерін пайдаланады. 💉

📞7701-екпе алу бойынша жедел желі телефоны.
egu. kz-екпе алу сайты.