Адам папилломавирусы

Адам папилломавирусы

Адам папилломавирусы - дененің әртүрлі бөліктерінің терісі мен шырышты қабығына әсер ететін вирустар тобы. АПВ-ның 200-ден астам түрі бар, олардың 14 түрінде онкологияның (қатерлі ісік) даму қаупі жоғары.

Қазақстанда жыл сайын Жатыр мойны обырына шалдыққан әйелдердің шамамен 1900 жаңа жағдайы тіркеледі, жылына 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады, бұл күн сайын 2 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады дегенді білдіреді.

Жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз тиімді және қауіпсіз әдісі - вакцинация.
АПВ вакцинасы әйелдерді осы аурудан қорғайды. АПВ вакцинациясы туралы шешім қабылдағанда, біз әйелдерді болашақта онкологиядан қорғаймыз.