Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 107 бабына сәйкес, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті.
«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығының 117 тармағына сәйкес, тұрғын ғимараттарға іргелес объектілерде, көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерінде, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда суық және ыстық тұманның ену қабілетінің жоғары болуына және улану қаупіне байланысты суық және ыстық тұман әдістерімен дезинсекция жүргізуге қатаң тыйым салынады.
Объектілерде дезинсекциялау жұмыстары оларда жәндіктердің болуын алдын ала тексеруден, түрлерін анықтаудан, орналасу орнын және санын анықтаудан басталады. Жәндіктерден тазартылған алаңдардың өсуі, ал шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтардың болмауы және санының азаюы . Дезинсекция өндірістік, тұрғын үй-жайларда, ғимараттарда, құрылыстарда, көлікте, қалалық және ауылдық мекен аумақтарында, су қоймаларын, сондай-ақ синантропты буынаяқтылар мен кеміргіштердің табиғи мекендеу орындарын қоса алғанда, оларға іргелес ашық табиғат учаскелерінде жүргізіледі. Дезенсекцияны және дератизацияны жүргізу үшін , Еуразиялық экономикалық одақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген құралдар пайдаланылады.
Жәндіктерге қарсы күрес үшін дезинсекцияның мынадай түрлері қолданылады:
1) механикалық – механикалық әсер ету жолымен дезинсекциялау (батпақты жерлерді құрғату, суару жүйелерін реконструкциялау, үй-жайларды жинау, жуу, желдету, тазарту).
2) физикалық – физикалық әсерді (температура, газ, ультракүлгін, от) қолдану жолымен дезинсекциялау;
3) биологиялық – күресу үшін табиғи жауларды (құстар, дернәсілдер, балықтар, ларвифагтар) пайдалану жолымен дезинсекциялау.
4) химиялық – жәндіктер үшін қолайсыз жағдайлар жасауға, организм функцияларының бұзылуына және (немесе) жәндіктерді жоюға бағытталған химиялық заттарды қолдану арқылы дезинсекциялау.
Профилактикалық өңдеулерді жүргізу мерзімдері жергілікті жағдайлар ерекшеліктері мен энтомологиялық мониторинг деректеріне қарай айқындалады. Жәндіктерге (тарақандар, шыбындар, құмырсқалар, қандалалар, бүргелер, масалар, шіркейлдер, есекқұрттар, бәкене шыбындар, соналар және шыбын-шіркей) қарсы өңдеулер жиілігі объектінің қоныстануына байланысты жүргізіледі; авариялық үй-жайларда және демалыс аймақтарында шыбындар мен масаларға қарсы күрес (су басқан, ылғалды, дымқыл жертөле үй-жайларда, жерасты суларының жоғары деңгейінде, кәріз желісіндегі авариялық жағдайларда) санитариялық-эпидемиологиялық және энтомологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі дезинсекциялау іс-шараларының жиілігі айына 1 рет, балалар мекемелерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, өнеркәсіптік және коммуналдық мақсаттағы объектілерде 3 айда 1 рет және көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
Іс-шаралардың тиімділігін анықтауды қанаттанған шыбындардың, сондай-ақ көбею орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу жолымен жүргізеді. Елді мекенде қызмет көрсетілетін объектілердің кемінде 5%-ы есепке алынуға жатады.
Тұрғын үй дезинсекциясы үй жайлар мен аумақтарды олардан қорғау мақсатында
жәндіктер мен буынаяктыларды жою шаралар кешені ,осы мақсатта залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет екендігің айта кеткен жөн.
Өзіңізді, жақындарды, көршілерді уланудан сақтай мақсатында дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу үшін тек лицензиясы бар арнайы ұйымдардың көмегңмен жүргізуге кеңес береміз.