
Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары М.М.Сахариевтің ұйымдастыруымен Ақсуат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру семинары өтті.
Зум платформасы арқылы өткен семинардың күн тәрітібінде:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы тәртібі туралы түсініктеме;
- ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру;
- ҚР қызметтік этикасының нормалары мен стандарттарын сақтау тәртібін сақтау туралы сөз қозғалды