Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2024 жылдың 12 маусымында Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде суға шомылу маусымында өңірдегі өзендер мен көлдерде қауіпсіз демалысты ұйымдастыру, маңызды әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымын 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңге, сондай-ақ, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі шаралар қаралды.
Отырысқа Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұржан Ноғайбаев қатысты. Облыста суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды.