Жұмыс кеңесі өткізілді

Жұмыс кеңесі өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 маусымында Департаменттің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Серікбаева А.Б. Абай аудандық СЭБ басқармасында осы басқарманың басшысының м.а. Исабай А.М., Абай аудандық орталық ауруханасының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Айтмұхамбетова А.Б., аудандық педиатр Серікқазыева М.Б. қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес Абай ауданының тұрғындарын міндетті профилактикалық егулермен қамтудың жай-күйі туралы жұмыс кеңесі өтті. Кеңесте балаларды жоспарлы профилактикалық егумен қамту, жоспарлы және есесін толтырушы иммундауға жататын мақсатты топтағы балаларды жоспарлау, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау және медициналық қарсыкөрсетілімдердің негізділігі мәселелері талқыланды.
Барлық проблемалық сұрақтарға ұсыныстармен жауап берілді.