2024 жылдың бес айында Семей қаласы
бойынша сальмонеллездің 12 жағдайы тіркелген. Бұл туралы "Семей қалалық
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
баскармасының" РММ бөлім басшысы
Динара Тлекина атап отті.
- Ішек инфекциясының қоздырғыштарының көздері ауру адам, бактериотасымалдаушы (ағзасында ішек инфекциясының қоздырғыштары бар іс жүзінде сау адам), сондай-ақ микробтарды ішектен қоршаған ортаға шығаратын жануарлар болып табылады. Жедел ішек инфекцияларына бейімділік айтарлықтай жоғары. Ішек инфекциясының қоздырғыштары адам ағзасына тамақпен, сумен, жас балаларда лас қолдар мен ойыншықтар, жуылмаған көкөністер мен жемістер, қайнатылмаған су арқылы түседі., - деп атады Динара Тлекина.
Халық арасында тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың пайда болуына жол бермеу мақсатында сақтық танытып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында профилактикалық іс-шаралар Семей қаласында жоспар бойынша жүргізілуде.
- Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қоғамдық тамақтану нысандарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семей қаласы бойынша тамақтан уланудың алдын алу аясында қоғамдық тамақтану нысандарына бақылау жүргізілуде, түсіндіру жұмыстарымен 38 кәсіпкерлік субъектісі қамтылды - деп қорытындылады "Семей қалалык,
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау баскармасының" РММ басшысының
орынбасарының м.а Әділ Қалдыбатыр.