
Әлемде сақталып отырған аса қауіпті және карантиндік жұқпалар бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің дайындығын арттыру, осындай жұқпалық аурулар анықталған жағдайда іс-шараларды жетілдіру мақсатында Абай облысының Үржар ауданында “Карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға (оба, тырысқақ, КГГЛ және т.б.) күдікті науқас анықталған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, медициналық ұйымдардың іс-қимыл алгоритмі” тақырыбында семинар және оқу-жаттығу өткізілді.
Семинарға Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н.Б. Ноғайбаев пен аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Ш.Б.Садыкова, Абай облысы СЭБД Үржар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Л.Т.Шокобалинова, Абай облысының бас штаттан тыс балалар инфекционисті И.М.Эфендиев, Абай облысы бойынша Үржар аудандық бөлімшесі филиалының бактериолог зертханашысы А.О.Давлетова және Үржар аудандық орталық ауруханасының медициналық қызметкерлері қатысты.
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары “Карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға (оба, тырысқақ, КГГЛ және т.б.) күдікті науқас анықталған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, медициналық ұйымдардың іс-қимыл алгоритмі” туралы баяндады.