
2024 жылғы 17 мамырда Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Токтабаева А.Т. және Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының м.а. Саимова А.Ж. төрағалықтарымен гибридті оффлайн/онлайн форматында Үйлестіру кеңесі өтті, оған облыстың медициналық ұйымдарының және Департаменттің аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының бірінші басшылары қатысты.
Үйлестіру кеңесінің отырысында келесі мәселелер қаралды:
-2024 жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша вакцинамен басқарылатын инфекциялармен (қызылша, көкжөтел, вирусты гепатит А) сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай;
-Абай облысы халқын әр әкімшілік аумақтың медициналық мекемелері бөлінісінде БХТ сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес профилактикалық егулермен, есесін толтырушы иммундаумен, қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаумен қамту;
-ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі №4
«Қызылша, қызамық, дифтерия, сіреспе және полиомиелит жөніндегі
санитариялық-эпидемияға қарсы
және санитариялық профилактикалық
іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысымен таныстыру;
— 2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Абай облысынды туберкулезге және аса қауіпті инфекцияларға қарсы иммунопрофилактика бойынша проблемалық мәселелер.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды, онда облыс департаментінің медициналық ұйымдары мен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларына тапсырмалар берілді.