25 сәуір-Дүниежүзілік безгекпен күрес күні

25 сәуір-Дүниежүзілік безгекпен күрес күні

Дүниежүзілік безгекпен күрес күні-бұл безгектің алдын алу және бақылау үшін ресурстарды және саяси қолдауды ұдайы жұмылдыру қажеттілігін еске түсіруге мүмкіндік береді. Оны 2007 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында ДДҰ-ға мүше мемлекеттер құрды.
Безгек (Plasmodium) қызбамен, көк бауыр мен бауырдың ұлғаюымен, қан аздықпен сипатталатын, өлімге әкелетін қауіпті ауру болып қала береді.
Безгектің тасымалдаушысы – масалар, ағысы баяу тоғандарда, су қоймаларында, батпақтарда, өзеннің ескі арналарында өсіп, көбейеді. Азия, Африка, Латын Америка елдеріне туристік сапарға белсенді шығу инфекцияның пайда болу қаупін жоғарылатады, ал біздің еліміздегі климаттық жағдай анофелес масаларының өсіп-өнуіне ешқандай кедергі келтірмейді.
Жұқпаны жұқтырған сәттен бастап, жұқпаның бірінші клиникалық көріністерінің пайда болу мерзімінің ұзақтығы 8 күннен 10 айға дейінгі аралықты құрайды. Бұл адамның иммунитетіне, қоздырғыштың түріне байланысты.
Безгектің әдеттегі белгілері: қызба, қалтырау, буынның ауруы, құсу, қан аздық. Сондай-ақ бауыр және көк бауырдың ұлғаюы, шыдатпайтын бас ауруы байқалуы мүмкін. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдер үшін қауіпті. Диагноз қан жұғындыларында паразиттерді анықтау арқылы қойылады.
Безгектің жеке алдын алуда қорғаныстың алғашқы деңгейі масалардың шағуынан жеке қорғану – москит торларын қолдану болып табылады, үй ішінде инсектицидтерді бүрку, дененің ашық жерлерін репелленттермен емдеу.
Безгектің алдын алуда безгекке қарсы дәрілік заттар қолданылады. Сапарға шығатын адамдар арасында безгектің алдын алуды қандағы безгек инфекциясын басатын, осылайша аурудың дамуына жол бермейтін дәрі-дәрмектермен жасауға болады.
Безгек жұқпасы бойынша қолайсыз елден оралғаннан кейін 3 жыл ішінде кез келген дене қызуы көтерілген жағдайда, безгекке тексерілу үшін тез арада медициналық ұйымға қаралып, дәрігерге хабарлауды ұмытпаған жөн.