Абай облысының әкімдігінде балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Абай облысының әкімдігінде балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылдың әзірленген кешенді жоспары шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғаудың, балалардың денсаулық жағдайының, балалардың қосымша білім алуының және балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері және ғимараттардың (білім беру ұйымдарының), киімнің, балаларға арналған Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағытталған Қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар, қауіпсіз жазғы демалысты ұйымдастыру т.б. жұмыс кеңесі өткізілді.

✅Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Фатхуллина Р.Ж. ғимараттардың (білім беру ұйымдарының), киімнің, балаларға арналған Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелерін шешуге, қауіпсіз жазғы демалысты ұйымдастыруға бағытталған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.