Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Абай облысы әкімі Н.Т.Ұранхаевтың төрағалығымен аппараттың кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңейтілген кеңеске Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық ветеринария басқармалары т.б. облыстық, қалалық басқармалардың уәкілдері қатысты. ✅Кеңесте Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н.Б.Ноғайбаев “Жазғы сауықтыру лагерлеріне берілген СЭҚ бойынша мониторингті жүзеге асыра отырып сауықтыру ұйымдарының жазғы маусымына дайындықты ұйымдастыру” тақырыбында сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.