Абай облысының кәсіпкерлер палатасында салалық білім беру кеңесі өтті

Абай облысының кәсіпкерлер палатасында салалық білім беру кеңесі өтті. Кеңеске Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Абай облысының білім басқармасы, Семей қаласының білім басқармасы, Абай облысының прокуратурасы, Абай облысының полиция департаменті, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қатысты.
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Р.Ж.Фатхуллина және білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Г.Т.Сейтбатталова “Мектепке дейінгі балалар мекемесін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың жаңа талаптары” тақырыбында баяндама оқыды. Кеңес барысында сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап берілді.