Кәуапханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Кәуапханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қазіргі уақытта әр түрлі кәуаптармен айналысатын сауда орындары өте кең таралған. Бүгінгі күні кәуаппен тамақтану үшін табиғатқа бару міндетті емес. Алайда, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дайын кәуапты сатып алмас бұрын, ол дайындалған қоғамдық тамақтандыру ұйымы санитарлық талаптарға сәйкес келе ме деген сұрақ қоюға кеңес береді.
“Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес, демалыс орындарында және көшелерде стационарлық тамақтану объектілерінде мангалаларда, тандырларда, қуырғыштарда, қазандықтарда тамақ дайындауға жартылай фабрикаттар дайындалған жағдайда жол беріледі.
Тұрғын ғимараттарда және өзге де мақсаттағы ғимараттарда орналасқан тамақтану объектілерінде тағамды газ тәрізді отынмен (табиғи газбен) жұмыс істейтін мангалда, тандырларда, электр технологиялық жабдықты және түтін мен иістерді сіңіретін сүзгі-желдету блогы бар ауа тазарту жүйесін, сондай-ақ түтінмен ластанған ауаның араласүй-жайларға, қоршаған ортаға енуіне жол бермейтін, олардың жұмысын автоматты басқаратын үй-жайдың желдету жүйесін пайдалана отырып дайындауға жол беріледі. Қатты отынмен пісіретін пештерді (плиталарды), мангалдарды, тандыр пештерін орнатуға жол берілмейді!

Осы Ережелерге сәйкес кәуапханаларда келесі шарттар да сақталуы керек:
• Сумен жабдықтау және суды бұру желілеріне қосылған үй-жай және (немесе) павильон (шатыр) болса, орталықтандырылған сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері болмаған кезде – орталықтандырылмаған және (немесе) ауыз сумен жабдықтау және суды бұрудың дербес жүйелері, оның ішінде суды бұрудың дербес жүйесі пайдаланылады;
• Жартылай фабрикаттарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтың болуы;
• Бір рет қолданылатын ыдыс және асхана аспаптары бар болуы;
• Келесі отын түрлерін қолдану: ағаш немесе дайын көмір, газ, электр;
• Қуыру тікелей сату алдында жүзеге асырылады;
• Қызметкерлерде қажетті тексерулерден, зертханалық зерттеулердің нәтижелерінен, кәсіби гигиеналық даярлықтан және аттестаттаудан өткені туралы белгілері бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапшаның болуы;
• Персоналдың жеке гигиена ережелерін сақтауы үшін жағдайлардың болуы;
• Пайдаланылған мүкәммалды және ораманы (ыдысты) жуу және дезинфекциялау демалыс орындарында және көшеде арнайы жабдықталған орын болмаған кезде стационарлық тамақтану объектісінде жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, тамақтану объектілерінде желдету (табиғи, механикалық және (немесе) кондиционерлеу) жабдықталуы тиіс. Жергілікті сору жүйелерінен, егер оның шығыңқы жеріне дейінгі қашықтық 10 метр (бұдан әрі – м) кем болса, ғимараттың неғұрлым жоғары бөлігінің төбесінен кемінде 2 м биіктікте шығарындыларды жүзеге жүзеге асыру.
Тұтынушылар кәуапханалардың қайсысын пайдаланатынын таңдауға байыпты қарауы керек, өйткені санитарлық талаптар сақталмаған жерлерде өткір ішек инфекциялары мен тамақтан улану қаупі тым жоғары.