“Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” және “Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” тақырыбында семинар өткізілді

“Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” және “Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” тақырыбында семинар өткізілді

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде басшының орынбасары А. Токтабаеваның төрағалығымен, Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Ж.С.Кабасова, Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы А. А. Баимолдина Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығы “Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар”және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі №ҚР ДСМ -68 бұйрығы бойынша Денсаулық сақтау объектілерінде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында ошақты дезинфекциялауды ұйымдастыру мәселесі бойынша “Дезинфекциялауды, дезинсекциялауды және дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар-кеңеске Абай облысының аумақтық басқармаларының ауруханаішілік инфекцияларды бақылау және қадағалау эпидемиологиялық бөлімінің басшылары мен мамандары онлайн форматта қатысты.
Семинар-кеңес барысында өндірістік бақылау, ошақты дезинфекция жүргізу тәртібіне және инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға сұрақтар талқыланып, жауаптар берілді.