«Абай облысының аумағындағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

«Абай облысының аумағындағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалы, Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, «Қорғаушы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігі және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ мамандарының қатысуымен «Абай облысының аумағындағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер, санитариялық ережелер мен техникалық регламентттердің талаптары талқыланды.