Абай облысының орталықтандырылған облыстық қоймасының вакциналарды сақтау және тасымалдау кезінде тиісті дистрибьюторлық практика стандартын қамтамасыз ету және «суық тізбекті» сақтау мүмкіндігіне талдау жүргізу бойынша мониторингтік топ құрылды

Абай облысының орталықтандырылған облыстық қоймасының вакциналарды сақтау және тасымалдау кезінде тиісті дистрибьюторлық практика стандартын қамтамасыз ету және «суық тізбекті» сақтау мүмкіндігіне талдау жүргізу бойынша мониторингтік топ құрылды

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А. С. Есмағамбетованың «Вакциналарды сақтау және тасымалдау кезінде тиісті дистрибьюторлық практика стандартын қамтамасыз ету және «Суық тізбекті» сақтау мүмкіндігіне талдау жүргізу туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 158 бұйрығын орындау үшін Абай облысының орталықтандырылған облыстық қоймасының вакциналарды сақтау және тасымалдау кезінде тиісті дистрибьюторлық практика стандартын қамтамасыз ету және «суық тізбекті» сақтау мүмкіндігіне талдау жүргізу бойынша келесі құрамда мониторингтік топ құрылды: «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ амбулаториялық-емханалық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы мен маманы, ҚР ДСМ «Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» РММ фармацетикалық қызметті бақылау және дәрілік заттармен медициналық бұйымдардың бағасын мониторингілеу бөлімінің бас мамандары, Абай облысы бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС өкілі.
Мониторинг барысында вакцинаны сақтауды жүзеге асыратын «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Облыстық қоймасына талдау жүргізілді.