2023 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті алқасының кеңейтілген отырысы өтті.
Сөз басын Департамент басшысы Н.Б.Ноғайбаев бастады. Алқа отырысында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша облыс органдары мен қызметін ұйымдастыру қызметінің қорытындылары туралы 2023 жылдың қорытындысы бойынша қатысушыларды Департамент басшысының орынбасарлары А.Т. Токтабаева мен Р. Ж. Фатхуллина хабардар етті. Аудандық және қалалық басқармалардың әлеуметтік желілерінің 2023 жылғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын талдау туралы, әдеп жөніндегі уәкілдің өткен жылға қорытындысы туралы Департамент басшысының орынбасары М. М. Сахариев баяндады.
Әкімшілік іс жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, сумен жабдықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері түсіндірілді.
Алқа отырысына Абай облысының барлық аудандық және қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары қатысты.
Сонымен қатар, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшыларының атқарылған жұмыстар туралы жеке есептері тыңдалды.
Алқа жұмысының соңында Департамент жұмысының қорытындысы шығарылды, бірқатар мәселелер талқыланып, ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды.