Ұялы байланыстың адам ағзасына әсері

Ұялы байланыстың адам ағзасына әсері

Ұялы байланыс біздің қазірігі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, бірақ сонымен бірге оның адам ағзасына әсері туралы сұрақтар да көп туындайды. Ұялы байланыстың негізгі компоненттері жұмыс кезінде электромагниттік өріс тудыратын ұялы телефон және базалық станция. Электромагниттік сәулеленудің (ЭМС) әсері келесі тармақтарға байланысты:
• әсер ету ұзақтығы;
• бір реттік әсер ету қуаты;
• әсер етуге бағытталған дене аймағы;
• электромагниттік сәулеленудің басқа көздерімен үйлесуі.
Электромагниттік сәулеленудің әсеріне ең сезімтал орталық жүйке жүйесі, көз, эндокриндік жүйе екені анықталды. Осы әсердің нәтижесінде жүрек – қан тамырлары, қан айналымы, нейроэндокриндік және иммундық жүйелер мен метаболикалық процестердің қызметі бұзылуы мүмкін.
Бүгінгі күні ұялы телефондардың қауіптілік дәрежесі туралы нақты дәлелдер жоқ. Мұндай жағдайда ұялы байланысты пайдаланудың қарапайым ережелерін сақтау керек.
Ұялы байланыс бұл ұзақ әңгімелесуге арналмаған байланыс екенін есте ұстаған жөн. Бес минуттан артық үздіксіз сөйлесуге болмайды; қонырау шалғаннан кейін телефонды бірден құлағыңызға қоймаңыз, 2-3 секунд күтіңіз.; телефонды денеде емес, сөмкеде алып жүріңіз; жатар кезде телефонды өзіңізден 20-30 сантиметр қашықтықта орналастыруға тырысыңыз. Телефонды көлікте пайдаланбаңыз, өйткені жылдам қозғалу кезінде телефон таратқышының қуаты максимумға жақын.
Егер базалық станциялар туралы айтатын болсақ, онда сигнал шығаратын секторлық антенналар рұқсат беру құжаттарының пакетін рәсімдегеннен кейін орнатылады. Радиотехникалық объектілерді орналастыру ҚР ДСМ 2022 жылғы 28 ақпандағы №ҚР ДСМ – 19 бұйрығымен бекітілген “ “Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларында жазылған.