Көкжөтелдің алдын алу

Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы вакциналау болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға екпе егу бір мезгілде тиісінше 5-6 аурудан: дифтериядан, сіреспеден, көкжөтелден, полиомиелиттен, В типті гемофильді инфекциядан және В гепатитінен қорғайтын құрамында АбКДС бар бес және алты компонентті құрама вакциналарды қолдана отырып жүргізіледі.
Көкжөтелден барынша қорғау үшін балаларға 5 екпе алу қажет, оның ішінде 2 айдан бастап 1 ай аралығымен 3 екпе, содан кейін бірінші ревакцинация бір жарым жаста, екінші ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.
Балалар үшін көкжөтел ауруы өте қауіпті, сондықтан ауруға қарсы екпені мүмкіндігінше белгіленген мерзімде алуға кеңес береміз!
Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы - сіздің қолыңызда!