Құтырма

Құтырма - ауру жануардың сілекейімен немесе ми тінімен тікелей байланыста болған кезде адамға берілетін вирустық ауру.
Есте сақтау керек !
Адамдарға құтырма ауруы үй мен жабайы жануарлардың, әсіресеетқоректі жануарлардың инфекцияланған сілекейі жағылғанда немесе тістеп , тырнағанда (иттер , мысықтар, түлкілер, қасқырлар, және т.б) жұғады.
Құтырманың қоздырғыштары аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан 10 күн бұрын жануардың сілекейінде болады.
Құтырманың белгілері
Әр жануарда әр түрлі болады, бірақ ең басты назар аударатын нәрсе, ол -жануардың қимыл- қозғалысы. Иттер жеуге келмейтін заттарды -тастарды, шыныны, ағашты және т.б жей бастайды. Жануарлардың астыңғы жақтары салбырап , көп мөлшерде сілекей бөлінеді , ашушаң болады, адамдар мен басқа жануарларғатап беріп, қатты тістейді.
Алдын алу шаралары
· үй жануарларында құтырма ауруының белгілерін байқасаңыз, дереу мал дәрігеріне хабарласыңыз.
· иттер мен мысықтарға ветеринариялық тексерулер мен гигиеналық күтімді үнемі жүргізу қажет
· емдеу профилактикалық егулердің толық курсы 5 немесе 6 иньекциядан тұрады (екпе өндірушілеріне байланысты): бірінші екпе жүгінген күні, содан кейін екпе егу нұсқаулығына сәйкес сызба бойынша.
· егер 10 күннен кейін жануар сау болса (мал дәрігерінің анықтамасы болған жағдайда ) егуді тоқтатуға болады.
Егер адам мен жануар құтырмамен ауырғанда уақытылы екпе жасалмаса 100% өлімге әкеліп соғады.