
Қызылша – қызба, интоксикация, дақты-папулярлы бөртпенің сатылы бөртпесі, энантема, конъюнктиваның және жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын қоздырғыштың ауа-тамшылы берілу механизмі бар антропонозды жіті аса жұқпалы репираторлық вирустық инфекция. Инфекция көзі – науқас адам.
Қызылша асқынулармен қауіпті: миокардит, энцефалит, соқырлық және есту қабілетінің жоғалуы. Аурудың белгілері пайда болған кезде:
- өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз, дәрігерді үйге шақырыңыз және дәрігердің нұсқауы бойынша ем алу керек;
- үйде болу, жұмыс орындарына, сондай-ақ қоғамдық орындарға бармау қажет;
- ауырған балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу қажет.
Қызылшадан қорғанудың жалғыз жолы – вакцинация. Осыған байланысты, ата-аналардан жоспарлы профилактикалық екпеден бас тартпауын сұраймыз, себебі Сіздің балаңыздың денсаулығы Сіздің қолыңызда!