
Күйдіргі- жедел қауіпті инфекция, жедел бактериялық зоонозды инфекция көбінесе тері түрінде, сирек жағдайда өкпе және ішек түрінде кездесетін жіті жұқпалы ауру.
Күйдіргінің қоздырғышы Bacillus anthracis, күйдіргі спорасы сыртқы ортаға өте бейім, олар топырақта 10 жылдан артық сақталады: ауру малдың зәрі, тезегі сіңген жайылымда көптеген жылдар бойы күйдіргі ауруы сақталады.
Жұқпа көзі - үй жануарлары (ірі мүйізді малдар, қойлар, ешкілер, түйелер, шошқалар).
Күйдіргі жануарларда мынадай белгілерімен ерекшеленеді:
· 3-4 күннен аспайтын жұқтыру кезеңі;
· ауыр қызба жағдайы, жүрек-қан тамыр қызметінің бәсеңдеуі, бас ауыруы, қантышқақ және құсу;
· ауру тез дамып, жануарлар 2-3 күннің ішінде өліп кетеді.
Адам ауру ауыл шаруашылық малды күткен кезде, сойған кезде, ет өңдеген кезде, сонымен қатар, мал өнімдерімен жұмыс істеген кезде (тері, үлбір, жүн, қылшық өңдегенде) жұқтырады. Көптеген жыл күйдіргі қоздырғыш споралары сақталған топырақ арқылы жұғуы мүмкін. Споралар адам терісіне елеусіз зақым, зарарланған тамақтар арқылы түседі.
Адамнан адамға жұғу байқалмаған.
Алдын алу шаралары
· ауыл шаруашылық мал күтімі және мал шаруашылығы өнімдерімен байланыс кезінде жеке гигиена қағидаларын сақтау;
· өлген жануарлардың мәйттерін өз бетінше кәдеге жаратуға болмайды (жануарлар күйдіргіден өлген жағдайда өлекселері өртеліп, олардан алынған тамақ өнімдері жойылуға тиіс);
· аурудың, жануарларды мәжбүрлі союдың немесе өлімнің әрбір жағдайы туралы ветеринариялық мамандарға хабарлау;
· күйдіргі ошағында жұмыс жасайтын мамандар,мал союмен, өнімдер мен шикізатты жинаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және алғашқы өндеумен айналысатын (сан.эпид. саламаттылығы саласында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мамандар, сынама алуды зерттеулерді жүргізетін зертханалардың мамандары,) міндетті түрде профилактикалық екпелер алуы тиіс;
· мал өлексесін көметін жерлерді, жайылымдарды, мал шаруашылығы нысандарын бақылауда ұстауды ұйымдастыру;
· шикізатты өндеуге, тасымалдағанда, сақтағанда дайындағанда ветеринариялық-санитариялық ережелердің сақталуын бақылау.
Күйдіргіні жұқтырып алмас үшін, ұйымдастырылмаған сауда орындарында, қайдан әкелгендігі белгісіз ет сатып алмаңыздар!