Медициналық ұйымдарда суық тізбекті сақтау және иммунобиологиялық дәрілік препараттарды тасымалдау мен сақтау бойынша жұмыс кеңесі өткізілді

14 ақпанда Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшысының орынбасары А. Т. Токтабаева, инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы А. Б. Серікбаева, ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Ж.С.Кабасова аумақтық бөлімшелердің басшыларымен иммунобиологиялық дәрілік заттарды тасымалдау және сақтау жөніндегі медициналық ұйымдарда суық тізбекті сақтау бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Сонымен қатар, жұмыс кеңесінде ауа тамшылары арқылы берілетін вирустық инфекциялардың алдын алу мәселелері талқыланды.