"Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ережелері" тақырыбында семинар өткізілді

"Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ережелері" тақырыбында семинар өткізілді

Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Р.Ж. Фатхуллина өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы А.К.Кожахметов және бас маманы Қ.М.Тащанова аумақтық бөлімшелердің мамандарымен “Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ережелері” тақырыбында семинар өткізді.
Аумақтық басқарма мамандарына эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге және ШЖК, СҚА жобаларына СЭҚ беру тәртібі түсіндірілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардан сұраулар түскен кезде жер учаскесін бөлу (гигиеналық бағалау) мәселелері айтылды.