ЖРВИ және тұмаудың алдын алу

ЖРВИ және тұмаудың алдын алу

Абай облысы аумағында ЖРВЖ мен тұмау аурушаңдығының эпидемиологиялық жағдайы маусымға сәйкес тұрақты.
Өткен 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВЖ аурушандық деңгейі 3,67% өскен. Облыс бойынша 2023-2024жж. эпидемиологиялық маусымның басынан ЖРВЖ (2023ж. 1 қазаннан 7 ақпанға дейін) 17847 жағдайы, ал өткен жылдың осы кезеңінде 37342 жағдай тіркелген. Барлық ауырған адамдардың 57,3% - 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиесілі, 21391 жағдай тіркелген.
2023-2024 жж. эпидемиологиялық маусымда тұрғындар арасында тұмаудың А(Н3N2) түрінің 69 жағдайы тіркелген,оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 31 жағдай тіркелген, сонымен қатар жіті респираторлық вирустар да ( тұмау тәріздес вирустар, бокавирус,аденовирус, риновирустық вирустар) тіркеліп отырады.

ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу шаралары:
• ЖРВЖ белгілері бар (жөтелген, түшкірген) адамдармен қатынастан алшақ болыңыз. Егер ондай мүмкін болмаса, онда бір реттік медициналық бетперделерді пайдаланыңыз, оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру қажет.
• Өзіңіз тұратын бөлмелерді күнделікті желдетіп және жиі жуып отырыңыз. Бөлме ауасының үнемі ылғалды болуы шарт. Ылғалды ауа – суық тию мен тұмауға қарсы күрестің мықты қаруы болып табылады.
• Тоңып қалудан сақтаныңыз және ауа-райына сәйкес киініңіз.
• Үйден шығар алдында мұрынды алдын-ала тазартып, оксолин майын жағыңыз, ол мұрын қуысында тұмау мен жіті респираторлық жұқпалардың вирустарына қарсы қорғаныс қабатының пайда болуына ықпал етеді;
• Күнделікті тамаққа иммунитетті көтеруге арналған дәрумендерге бай азық-түліктерді және құрамында фитонцидтер бар-пиязды, сарымсақты пайдаланыңыз;
• Қолыңызды үнемі сабынмен мұқият және жиі жуыңыз.
• Салауатты өмір салтын сақтаңыз, ұйқыға жеткілікті уақыт бөліңіз, дұрыс, уақытында тамақтаныңыз, белсенді дене қимылымен шұғылданыңыз және шынығыңыз.