Абай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Абай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

2023 жылдың басынан бері Абай облысы бойынша қызылшаның 395 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 жасқа дейін – 36, 1 жастан 14 жасқа дейін – 170, 15-18 жас аралығында - 76, 19 жас және одан жоғары - 113 жағдай тіркелген.
2024 жылда қызылшаның расталған 178 жағдайы тіркелді.
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде 35402 адам екпе алды, оның ішінде 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі - 3809 бала, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі – 24434 бала, 1984 медицина қызметкері және 18 жасқа дейінгі 5175 бала мен жасөспірім есесін толтырушы иммундау бойынша екпе алды.
Назар аударыңыз! Аурудың алдын алу үшін қызылшаға қарсы вакцина алу өте маңызды! Қызылша ауруының белгілі бір емі жоқ, асқынған жағдайда өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін немесе ларингит, құлақтың қабынуы, пневмония,қызылша энцефаиті, мидың қабынуы т.б.асқынуларға алып келуі мүмкін.