
Вакцинация - аурудан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі.
Барлық вакциналар міндетті түрде препарат тіркелгенге дейін де, оны қолдану басталғаннан кейін де қауіпсіздікке арнайы зерттеулерден өтеді. Вакциналардың құрамына кіретін барлық заттар туралы мәліметтер олардың нұсқаулығында қамтылған. Вакциналардың құрамы туралы ақпарат кез-келген қызығушылық танытқан адамға қолжетімді. Вакцинацияның басты мақсаты – халықты тиімді вакциналары бар жұқпалы аурулардан қорғау болып табылады.