
2023 жылдың басынан бері Абай облысы бойынша қызылшаның 328 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 жасқа дейін – 26, 1 жастан 14 жасқа дейін – 150, 15-18 жас аралығында - 64, 19 жас және одан жоғары - 88 жағдай тіркелген.
Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде 33097 адам екпе алды, оның ішінде 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі -3737 бала, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі –23177 бала, 1984 медицина қызметкері және 18 жасқа дейінгі 4199 бала мен жасөспірім қайталама екпе алды.
Құрметті ата-аналар, естеріңізде болсын!
Вакцинация – балаларды және бүкіл халықты қызылшадан қорғаудың ең сенімді жолы. Қызылшаға қарсы екпені тұрақты жеріңіз бойынша тіркелген мекен-жайдан ала аласыз. Вакцинация ауру жағдайларының санын айтарлықтай төмендетеді.