
2024 жылғы 17 қаңтарда Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінде Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен, облыстағы медициналық ұйымдардың басшыларымен қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмыстарының барысы мен Абай облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы жұмыс кеңесі өтті.
Жұмыс кеңесі қорытындылары бойынша қосымша жаппай иммундау шеңберінде иммундаумен қамту бойынша әрі қарай шаралар қабылдау және екпе алушы адамдарда медициналық қарсы көрсетілімдердің негізділігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.