
Халық арасында сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашада «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 7 қаулысы бекітілді.
Қаулыға сәйкес 2023 жылғы 06 қарашадан бастап республика мен облыс бойынша қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 6 айдан 10 ай 29 күн аралығындағы балаларға қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу басталды, ал 05 желтоқсаннан бастап 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға ата-анасының (заңды өкілдерінің) хабардар етілген келісімін алғаннан кейін қосымша иммундау жүргізілетін болады.
Осыған орай Абай облысы бойынша қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттердің саны бекітілді.
Қосымша иммундаудан басқа ҚР Ұлттық күнтізбесіне сәйкес иммундау жоспарлы түрде 2 рет: 1 жаста және 6-7 жаста жасалады және қызылшамен ауыратын адаммен қатынаста болған 30 жасқа дейінгі егілмеген, егу деректері жоқ адамдарға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша шұғыл вакцинациялау жүргізіледі.
Вакцинация тұрғылықты жері бойынша облыстың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.
Қызылшаға қарсы вакцина – бұл аурудан және ауыр асқынулардан жалғыз сенімді қорғаныс!