
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Басты мақсат - мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту, рәсімнің өзін оңайлату, азаматтар мен заңды тұлғалар үшін қаржылық шығындарды азайту, бюрократиялық кідірістерді жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде:
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.
-Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.
-ПАТОГЕНДІЛІГІ I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізімін жүргізу.