
Облыстық жедел штабтың жұмысына Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары А.Т.Токтабаева және департаменттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Штабта қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәселелер, тиісті контингентті қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаумен қамту және қызылша ошақтарында эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Штаб отырысының қорытындысы бойынша ҚЖИ өткізу бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.
Қосымша жаппай иммундау 6 қарашада басталды. Қазіргі таңда ҚЖИ бойынша 12 177 адам егілді.