
2023 жылдың 21 желтоқсанында Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінде облыстың жоғары оқу орындарының проректорлары мен аталған оқу орындарына қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында ЖОО-дағы қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы, ҚЖИ аясында қызылшаға қарсы толықтыра иммундау жүргізу және студенттер арасында қызылшаға қарсы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша екпе алу және вакцинациялаудан бас тартудың алдын алу шаралары туралы мәселелер қаралып, талқыланды.
21 желтоқсандағы жағдай бойынша Абай облысында қызылшаның расталған 147 жағдайы тіркелді (14 жасқа дейінгі балалар арасында – 105, жасөспірімдер арасында – 8, ересектер арасында – 34). 49,6%-да екпе алмағандар ауырса, 18,1%-да вакцинация статусы белгісіз адамдар ауырған.
Жоғары оқу орындарының студенттері мен қызметкерлері арасында қызылша ауруының одан әрі таралуын және сырқаттанушылықтың тіркелуін болдырмау мақсатында хаттамалық шешім қабылданды.