
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша»
15.12.2023 ж. Семей қ.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 277 бұйрығына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезенінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) пайдаланылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең 2023 жылдың 01 қаңтарынан 2023 жылдың 30 қарашасына дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2023 жылдың 04 желтоқсанынаң 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 қазандағы № 1-НҚ бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарманың құрылымына келесі бөлімдер кіреді:
1) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімі.
Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің саны - 5 бірлік, тексеру жүргізу кезіндегі бос лауазымдар саны - 2 бірлікті құрайды.
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
3) мүдделер қақтығысын реттеу;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
4) мемлекеттік қызмет көрсету;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
5) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
6) бақылау функцияларын іске асыру (2-жем. тәуекел);
6.1. Лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдауына мүмкіндік беретін дискрециялық өкілеттіктердің болуы.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар үшін адамды немесе бір топ адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау кезінде тексеру субъектісі тексерілетін құжаттардың тізбесін дербес айқындайды.
Ұсыным – тексеру субъектісімен қабылдаған шешімдердің ашықтығы үшін тексеру субъектісі Департаментпен айқындаған барлық қажетті құжаттарды «ТСОБТ» АЖ-не қоса салуы қажет, Департаменттің жауапты тұлғасы белгіленген мерзімде немесе қажет болған жағдайда тексеру субъектілерімен «ТСОБТ» АЖ-не Департамент айқындаған барлық қажетті құжаттардың салынғаны бойынша мониторинг жүргізілсін.
Тексеру субъектісі бұзушылықтарды жою мақсатында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен нұсқамалар беру кезінде жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқамалардың тізбесін дербес айқындайды, сондай-ақ жою мерзімін белгілейді.
Ұсыным – тексеру субъектісі бұзушылықты жою туралы ңұсқамасында тексеру нәтижелері туралы актісінде көрсетілген барлық бұзушылықтарды көрсету қажет, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 7-тармағының талаптарына сәйкес белгілеу қажет, Департаменттің жауапты тұлғасы белгіленген мерзімде немесе қажет болған жағдайда «ТСОБТ» АЖ-не мониторингін жүргізуі кезінде берілген нұсқаулар мен тексеру нәтижелерінің актісімен сәйкестігін салыстырылу керек.
7) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
8) бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
9) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысының қызметін атқарушы А.Токтабаева
Бекітілді:
______ Жайкенов А.Н.
______ Акимжанова С.С.
______ Ахатаева А.Б.
______ Амантаев А.Ә.
______ Жакиянова Г.М.
______ Кожахметов А.К.
______ Мусатаева А.А.
______ Кабасова Ж.С.
______ Жұманов Р.А.