Қызылшаға қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың отырысы өткізілді

Қызылшаға қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың отырысы өткізілді

1 желтоқсанда қызылша ауруының алдын алу мақсатында кезекті штаб отырысы өтті.
Облыстық жедел штабтың жұмысына: Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысының орынбасары Токтабаева А.Т., ИжПАЭБ бөлімінің басшысы Серікбаева А.Б. және Департаменттің құрылымдық аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Облыстық штаб отырысында Абай облысы СЭБД басшысының орынбасары Абай Токтабаева А.Т. «Қосымша жаппай иммундау жүргізу және қызылша ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу мәселелері туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Отырысқа қатысушылармен қызылша сырқаттанушылығына қатысты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қызылшаға қарсы профилактикалық егулермен жоспарлы және қосымша жаппай иммундау аясында қамту және қызылша ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.